Наурыз Думаны » КГУ «Общеобразовательная школа № 61» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№61 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 242-26-28
Есепші:
+7(727) 385-38-64
Нашар көрушілер
нұсқасы

28
март
2014

Наурыз Думаны

НАУРЫЗ-ДУМАННЫҢ  ХАНЗАДАСЫ МЕН ХАНШАЙЫМЫН ТАҢДАДЫҚ

          Елімізді,  ұлтымызды айшықтайтын мереке Наурызды тойлаудың  жасөспірімдерді тәрбиелеудегі маңызы да,  мәні де зор. Биылғы жылы біздің № 61 жалпы білім бертін мектеп ордасында Наурыз  ерекше тойланды. Бастауыш сыныптар үшін 6 «А» сынып оқушылары Сергеева Наталья Валерьевнаның жетекшілігімен  Наурыз керуенін жүргізіп, бүлдіршіндер  мен олардың ата-аналарын  қуанышқа бөледі , орта буын оқушылары  ауыл аралап, бір-біріне ақ тілектер арнады. Ал жоғарғы сынып оқушылары арасында өткен  Наурыз кеші аса бір тартымды көрініс тапты.

 Әсіресе, «Шебер қолдар» деп аталатын кезеңдегі балалардың ұшқыр ойлары, тапқырлықтары кеш қонақтарын таңғалдырды. Әрбір сынып өздерінің аламанға түсетін сайыпқырандарын сыннан сүрінбей өтуге саптады, себебі талапқа сай Наурыз-Думанның Ханзадасы мен Ханшайымын таңдау керек болатын.  Барлығы 8 жұп арасынан топ жарған 9 «Б» сынып оқушылары Үсенов Азамат пен Мамедова Сабина  Наурыз –Думанның Ханзадасы мен Ханшайымы атанды. Мектеп директоры  Нұрғалиева Ажар Ғазизқызы кештің Ханзадасы мен Ханшайымын және байқауға қатысқан басқа да жүпттар түрлі номинация бойынша  марапаттады.  Мектеп оқушылары  мереке өте ұнағанын айтып, «тағы да жалғасын тапса» деген өтініштерін білдірді. Әрине, бар жақсылық, барлық игі істер  сендер үшін, кішкентай Ханзадалар мен Ханшайымдар!

Тоқанова Баршагүл Нұрғалыққызы

№ 61 ЖББ мек директорының орынбасары

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: