Білімім-Отаным
24 мамыр күні " Білім-Отаным!"2023-2024 оқу жылының қорытындыларымен. Сынып сағатының мақсаты-білім алушылардың педагогикалық еңбекке деген құрметін, білім алуға деген ұмтылысын және оқу жылындағы жетістіктерін объективті бағалау қабілетін қалыптастыру. Тәрбие сағатының тұжырымдамасына сәйкес сынып сағаты Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды, ол ҚР Білім Министрінің сөзін тыңдаумен жалғасты, білім алушыларға қазақстандық балалардың жетістіктері туралы бейнеролик көрсетілді.