15
май
2026
Жыл қорытындысы: Жұлдызды оқырман»
«Балалар кітапханасы» жобасы және «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы аясында «Жыл қорытындысы: Жұлдызды оқырман» атты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара оқушылардың оқу жылындағы кітап оқу белсенділігін қорытындылау, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және мектептің ең белсенді оқырмандарын ынталандыру мақсатында сынып жетекшісі мен кітапхана меңгерушісінің ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шара барысында көркем әдебиетке ерекше қызығушылық танытқан, кітапханалық іс-шараларға, байқаулар мен әдеби акцияларға белсенді қатысқан оқушылар атап өтілді. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді. Салтанатты рәсім жоғары деңгейде әрі жылы атмосферада өтіп, кітап оқуға деген жағымды мотивацияны қалыптастыруға, оқу мәдениетін дамытуға және мектеп оқушыларының кітапқа деген қызығушылығын нығайтуға ықпал етті.