13
февраль
2026
«Оқуға құштар мектеп» . «Кітап — жүректен жүрекке»
«Балалар кітапханасы» жобасы және «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы аясында буккроссинг форматында «Кітап — жүректен жүрекке» атты кітап сыйлау акциясы өткізілді. Іс-шараның мақсаты — оқушылар арасында кітап оқуды дәріптеу, кітапқа ұқыпты қарау мәдениетін дамыту және көркем әдебиетке деген қызығушылықты тәрбиелеу. Акция барысында оқушылар, педагогтер мен ата-аналар өздерінің сүйікті кітаптарымен алмасып, бір-біріне әртүрлі жанрдағы шығармаларды сыйлады және оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті. Қатысушылар үшін кітап көрмесі мен еркін кітап алмасу аймағы ұйымдастырылды. Іс-шара достық әрі жылы атмосферада өтіп, оқушылардың оқу белсенділігін, рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.