05
июнь
2026
«Балалық шақты қорғау» эко-демалысы. Эко-каникулы "Защита детства"
«Эко-демалыс» тәрбиеленушілері Баум тоғайына барды. Экскурсия барысында балалар қаланың бірегей табиғи аумағымен танысып, тоғайдың тарихы, өсімдіктердің алуан түрлілігі және қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығы туралы білді. Серуендеу кезінде оқушылар табиғатты бақылап, ағаш түррін зерттеді, сондай-ақ экологиялық мінез-құлық пен табиғатқа ұқыпты қарау қағидаларын қайталады. Экскурсия экологиялық мәдениетті, ізденімпаздықты және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті дамытуға ықпал етті. Баум тоғайы — Алматының ең ірі жасыл массивтерінің бірі және қаланың маңызды табиғи нысаны. Бүгінгі таңда оны мегаполис тұрғындарына арналған экологиялық кеңістік ретінде сақтау мен дамытуға үлкен назар аударылуда.