Алматы қаласы Білім басқармасының
«№61 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 242-26-28
Есепші:
+7(727) 385-38-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы

22
май
2026

Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік

«Алматы Жарық Компаниясының» өкілдері бастауыш сынып оқушыларына жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалық жүргізді. Кездесу барысында оқушылардың есіне электр қауіпсіздігінің негізгі қағидалары салынды:
  • трансформаторлық қосалқы станциялар мен электр қалқандарына жақындамау;
  • электр беру желілері мен үзілген сымдардың жанында ойнамау;
  • электр құрылғыларын су қолмен ұстамау;
  • розеткаларға бөгде заттарды салмау;
  • үйде тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану кезінде сақтық таныту;
  • ақаулы сымдарды немесе ашық электр қондырғыларын көрген жағдайда дереу ересектерге хабарлау.
Мамандар балаларға қауіпсіздік қағидаларын сақтамаған жағдайда электр тогының қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндірді, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс іс-әрекеттер туралы айтып берді. Жазғы демалыс, серуендеу және далада ойнау кезіндегі қауіпсіз мінез-құлыққа ерекше назар аударылды. Алынған білімді бекіту үшін оқушыларға күнделікті өмірден мысалдар келтіріліп, электр қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратылды.
Представители Алматы Жарык Компаниясы провели для учащихся начальной школы инструктаж по технике безопасности в период летних каникул. В ходе встречи школьникам напомнили основные правила электробезопасности:
  • не приближаться к трансформаторным подстанциям и электрическим щитам;
  • не играть возле линий электропередачи и оборванных проводов;
  • не трогать электроприборы мокрыми руками;
  • не вставлять посторонние предметы в розетки;
  • соблюдать осторожность при использовании бытовых электроприборов дома;
  • немедленно сообщать взрослым при обнаружении неисправных проводов или открытых электроустановок.
Специалисты объяснили детям, что электричество может быть опасным при несоблюдении правил безопасности, а также рассказали о правильных действиях в чрезвычайных ситуациях. Особое внимание было уделено безопасному поведению во время летнего отдыха, прогулок и игр на улице. Для закрепления полученных знаний учащимся были приведены примеры из повседневной жизни и вручены памятки по электробезопасности.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: