Алматы қаласы Білім басқармасының
«№61 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 242-26-28
Есепші:
+7(727) 385-38-64
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

05
январь
2026

Алматы қаласы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті

Алматы қаласы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бухгалтерлік деректердің ашықтығын арттыру бойынша кеңес өткізді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Бұлтты бухгалтерия» жобасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2025 жылғы 28 қарашада кеңейтілген кеңес өткізді. Оған «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамының өкілдері, Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының өкілі, сондай-ақ Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары қатысты.
Іс-шара бухгалтерлік операциялар жөніндегі деректерді Бірыңғай деректер қоймасына (БДҚ БО) толық әрі уақытылы беру процесіне үздіксіз мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған кеңес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.А. Бектеновтың 2024 жылғы 23 қарашадағы хаттамалық тапсырмасының 2-тармағы 5-тармақшасын орындау, сондай-ақ 2025 жылғы 16 шілдеде өткен Zoom-кездесудің нәтижелері бойынша өткізілді.
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 22-тармағында көзделген, бухгалтерлік операциялар деректерін БДҚ БО-ға күн сайын беру талабының маңыздылығына байланысты кеңеске білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларының өкілдері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 600-ден асты.
Кеңесте Департаменттің қаржылық есептілік аудиті бөлімінің басшысы Шакирова Ардақ Қызырбекқызы баяндама жасап, бухгалтерлік деректерді беру мерзімдерін қатаң сақтау, олардың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету, сондай-ақ белгіленген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударды.
Кеңес барысында БДҚ БО-ға бухгалтерлік деректерді беру процесіне қатысты өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, берілетін ақпараттың көлемі, файлдарды қалыптастыру, деректерді жүктеудің техникалық аспектілері және ықтимал қателерді жою жолдары талқыланды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, «Электрондық қаржы орталығы» АҚ өкілдерінен тиісті түсініктемелер мен ұсыныстар алды.
Сонымен қатар, «Онлайн бюджеттік мониторинг» ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес білім беру саласында жалпы сомасы 962 миллион теңгені құрайтын 1 970 төлем анықталды», – деді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Айдана Нұрмағамбетова.
Кеңес қорытындысы бойынша белгіленген талаптар мен регламенттерді қатаң сақтау қажеттілігі, сондай-ақ есептіліктің ашықтығын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: