2022 жылдың 14-25 қараша аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен өткен әдістеме бірлестігінің онкүндігіне арналған ақпарат » КГУ «Общеобразовательная школа № 61» Білім басқармасы города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№61 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 242-26-28
Есепші:
+7(727) 385-38-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022 жылдың 14-25 қараша аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен өткен әдістеме бірлестігінің онкүндігіне арналған ақпарат

25
қараша
2022

2022 жылдың 14-25 қараша аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен өткен әдістеме бірлестігінің онкүндігіне арналған ақпарат

Қазақстанның өркениетті әлемге қол созып, бәсекеге барынша қабілетті отыз елдің қатарына кіруінің негізгі тетігі – білім. Білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайды өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениетті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын педагогикалық үрдістің нәтижесін жаңарта алатын мұғалім болуы керек деген ұғымды ұстана отырып «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» тақырыбында  № 61 жалпы білім беретін мектепте 14-25 қараша аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен әдістемелік бірлестігі мұғалімдерініің апталығы өтіп жатыр.

Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі,  жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып,

оқушыларды елжандылыққа, қазақ тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде

қастерлеуге үйрету, шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін арттыру, оқушыларды ғылым мен көркем шығармашылық жағынан дамыту мақсатында жоспарға сай ашық сабақтар  ұйымдастырылды. 

«Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы 14 қарашада өтті. Мұғалімдер сабақтарын жаңартылған білім беру мазмұнына сай өткізуде. Сыныптарда топтық ереже сақталған. Оқушылар  топтық тапсырмаларды орындап мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс үнемі жүргізіліп отыруда. Мысал ретінде мұғалімдер шеберлігін пайдалана отырып «Сыни тұрғыдан ойлау» стратегиясы бойынша бірнеше тәсілдерді көрсетті. «Адасқан әріптер» тәсілі арқылы оқушылар жаңа тақырыпты өздері ашады. «Құпия конверт» тәсілі арқылы жаңа тақырыпты қаншалықты түсінгендерін тексеруге болады. Сабақтың соңында рефлексия ретінде «шығу парағын» жүргізді. QR код арқылы  мәтінмен жұмыс жасады. «Ақылды алты қалпақ» , «Өрмекші» , «Тізбектеп оқыту», «SHOT» әдісі және тағы басқа әдіс-тәсілдер  арқылы сабақтарды қызықтыра түрлендіре өткізді.



Әр оқушыға бағытталған тәсілдер жеке тұлға ретінде қалыптастырады, оған оқу үдерісін басқаруға және оқудағы жетістіктерін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Бұл сабақтарда бар ынта-жігерімен қатысуға оң әсер етуде. 

Онкүндіктің нәтижесі ретінде рухани құндылықтар дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін жағдай жасау, қыту мен оқуды ұйымдастыруды қамтамсыз етумен көшбасшы- оқушыларды тиімді басқару, педагогтармен қарым-қатынас орнату және оны жетілдіру, педагогтардың жұмысын сандық-мультимедиялық құралдар арқылы тарату және жаңа қадамдарға ілесу және нәтижені көру, педагогтардың құзіреттіліктерінің оңтайлы көрсеткіштері болды.

Қорыта келе, мұғалімдер әр сабақта оқушыларға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана біліп, жақсы нәтижелерге қол жеткізуде, қазақ тіліне қызығушылық көтерілуде, ауызекі сөйлеу даму жолында коммуникативтік дағдылар қалыптастырылуда. Жетістік-әрекетте, жетілу-мақсат, ізгі мұрат жолында еш аянбау бүгінгі педагогтардың міндеті екені анық.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: