Наурыз - бейбітшілік пен жақсылық мейрамы /праздник мира и добра » КГУ «Общеобразовательная школа № 61» Білім басқармасы города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№61 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау :
+7(727) 242-26-28
Есепші:
+7(727) 385-38-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Наурыз - бейбітшілік пен жақсылық мейрамы /праздник мира и добра

23
Наурыз
2021

Наурыз - бейбітшілік пен жақсылық мейрамы /праздник мира и добра

Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа мамыр құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: